АРЫСТА ТАСҚЫН СУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ

92

Арыс қаласында жауын-шашынның шамадан тыс түсіне және жауған қар, мұздықтардың еруіне байланысты елді мекендерді су басу қаупін алдын алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Тасқын судың алдын алу мақсатында 170-ке жуық маман, 15 мотопомпа, және 22 бірлік арнайы техника тартылып, 2000 қап құм әзірленді.

Қазіргі таңда Монтайтас ауылдық округінде су басу қаупі бар арық-атыздар мен жыраларды арнайы техника көмегімен тазалау, бөгеттер қою жұмыстары жүргізілуде.

Ал, Қызылкөпір елді мекенінде орналасқан Бөген өзені жағалары бекітіліп, суды қауіпсіз аймаққа бұру жұмыстары жалғасуда.

Ал қала көлемінде, су басу қаупі бар тұрғын үйлердің айналасы құм салынған қаптармен бекітіліп жатыр.

Қазіргі уақытта қар суының еруі мен жаңбыр суынан жиналған сулардың тұрғын үйлермен төрт түлікке жеткізер қауіпі жоқ. Жағдай толық аудан әкімінің бақылауда.

Барша қала тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, жалған ақпарат таратпауға, тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырамыз.

Нет описания фото.

Advertisements