ШЫМКЕНТ: Халықаралық көрмеде ұлттық ас мәзірі келушілерді таң қалдырды

491

«EXPO Dubai – 2020» Халықаралық көрмесіндегі «Шымкент қаласының күндері» аясында «Sandyq» мейрамханасының аспаздары борша ет, қой етінен сырбаз (терісімен ұйытылып дайындалған), Сандық тәттілері (балқаймақ, майқұрт, балқұрт, ботақан, ірімшік) мен шығыс тәттілері, балғын сүбе ет, жылқының ысталған яғни, қазы, жая, ханқартадан тұратын сыйтабақ және дала шөптерімен дайындалған шайлар сынды ұлттық тағамдардан дастархан жайып, павилонға келушілерге ұсынды.
Көрмеде қала әкімінің орынбасары Айбек Саттыбаев бүгінде мемлекет тарапынан Шымкент қаласын дамытуға ерекше көңіл бөлінгенін, әсіресе, жаңа инвестициялар тартылып, кәсіпкерлік саласы дамып жатқанын айтты.
Шымкент қаласы Республикалық маңызы бар қала аталған соңғы 3 жылда 2 млрд. доллар инвестиция құйылып, 50-ден аса инвестициялық жоба жүзеге асқанын айтып өтті. Және келушілерді шырайлы Шымкент қаласы құшақ жая қарсы алатынын, бұл шара мұндағы түрлі елдермен іскерлік байланыс орнатуға мүмкіндік беретінін алға тартты.
Жиылған қауым «EXPO Dubai – 2020» Халықаралық көрмесінің Қазақстан павилоны ішінде орналасқан «Qazaq Gourmet» мейрамханасының ірімшік, құрт, қазы-қарта жайылған ақ дастарқанының ас мәзірінен дәм татты.
Advertisements