АРЫСТА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

279
11 маусым күні Арыс қаласы мен қалаға қарасты барлық ауылдық округтерде жалпықалалық сенбілік өтті. Тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, кәсіпорын, мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындары және еріктілер қатысты.
Сенбілікке қатысушылар «Арыс – Шымкент» және «Арыс – Шардара» тас жолының бойын, саябақтар мен гүлзарларды, көшелер мен арық-атыздарды қоқыстан тазартты.
Сондай-ақ, күз-көктемде отырғызылған тал-дарақтар суарылып, күтім жасалды.
Жалпықалалық сенбіліктің негізгі мақсаты қала көшелерінде тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару.
Қала тазалығына белсене атсалысқан барша жанашыр тұрғындарға алғыс білдіреміз!
Advertisements