Құрметті Арыс қаласының тұрғындары!

292
Сіздерге, Арыс қаласы, Отырар, Наурыз, Тараз, Талдықұдық тұрғын аудандары бойынша тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелерінің ішінде сəйкестендіру құжатын (мемлекеттік акт) рəсімдемеген жер учаскелері мемлекет меншігіне немесе қаланың арнайы жер қорына қайтарылатындығы туралы ескертіледі.
Сонымен қатар, сəйкестендіру құжатын рəсімдеген, алайда құрылыс жұмыстарын жүргізбеген жер учаскелерін де мемлекет меншігіне немесе қаланың арнайы жер қорына қайтару жұмыстары жүргізілетіндігі жəне ҚР Салық кодексінің талаптарына сəйкес 10 еселенген салық төлету жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз.
Арыс қалалық жер қатынастары бөлімі
Возможно, это изображение текст
Advertisements