БАЙЫРҚҰМДА ТАҒЫ БІР СКВАЖИНА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

251
Бүгін Арыс қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы әрі қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық пен әкімдік өкілдері және дербес бөлім басшылары бастаған топтың жұмысы Байырқұм ауылдық округінде жалғасын тапты. Жергілікті тұрғындармен кездесуге ауыл тұрғындары келіп, елді мекендегі өзекті мәселелердің шешілу жолын талқылап, азаматтар өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Кездесуде тұрғындар тарапынан айтылған проблемаларға қатысты сала мамандары нақты жауаптар берді. Айталық, қазір істеп тұрған бір ғана скважинаның суы ауылды ауыз сумен үздіксіз қамти алмай жатқаны белгілі болды. Осыған орай, екінші скважинаны насосымен қосып берсе деген өтініш айтылды.
Бұл мәселе бойынша, «Ақаба сервис» ЖШС-нің директоры Нұрлыбек Ақбаев жауап беріп, 2011 жылдан бері қараусыз қалған скважинаның жай-күйі мұқият тексеріліп, іске қосып беруді қарастыратындығын мәлімдеді.
Айта кетейік, осы күндері Арыс қаласы әкімінің өкілдері мен дербес бөлім басшылары және сала мамандарынан құралған арнайы топ ауылдарды аралап, тұрғындармен ашық диалог құру мақсатында кездесулер өткізуде.
Advertisements