АРЫСТЫҢ ҚОС АРУЫ АБУ-ДАБИДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

308
Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында ММА аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты өтті. 17-20 тамыз аралығында жалғасқан бәсекеде ҚР ұлттық құрама командасының мүшелері, Арыс қаласының сайыпқырандары ел намысын абыроймен қорғап шықты.
Атап айтқанда, арыстық қос бірдей батыр қыз — Аяжан Ергентай мен Аяулым Әубәкір жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бапкерлері — Мұхтар Мамедов, Асхат Борықбаев, Бағдат Жүсіпов.
16-17 жас аралығында 52 келі салмақта сынға түскен Аяжан Ерзатқызы күміс медаль алды. Ал 14-15 жас аралығында Аяулым Дәуленқызы 44 келі салмақ дәрежесінде қола медаль иеленді.
Advertisements