АРЫСТЫҚТАР ЕЛОРДАДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕГЕ 40 ТОННАДАН АСТАМ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІН ЖӨНЕЛТТІ

230
Тамыз айының 27-28 күндері елордада Түркістан облысы ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
Осыған орай, бүгін Арыс қаласынан елордаға автокеруен аттанды. Керуен құрамында арыстық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері тиелген жүк көліктері бар.
Жәрмеңкеде өңіріміздің диқандары ауыл шаруашылығы өнімдерін нарықтық сатылымнан 15-20 пайызға төмен бағамен ұсынады.
Тоңазытқыштармен жабдықталған ауыр жүк көліктері ел астанасына сиыр, жылқы, қой еттері, сондай-ақ қызанақ, қияр, қауын, қарбыз, қымыран, жалпы 40 тоннадан астам ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізетін болады.
Advertisements