Арыс ауданының прокуратурасы алаяқтардан сақ болуды ескертеді!

14

Бүгінгі таңда жиі кездескен қылмыс түрі ол алаяқтық болып табылып, оның белең алған түрі интернет-алаяқтық. Алаяқтардың құрбаны болған адамдардың барлығы құзырлы органдарға жүгінбейтіндіктен, шын мәнінде бұл көрсеткіш асып түсуі мүмкін.

Оған дәлел, ағымдағы жылдың өткен мерзімінің өзіне Арыс қаласында 7 азамат сотты болды.

Қазір әлеуметтік желі арқылы алаяқтытың түр-түрін көруге болады және алаяқтар қашықтықта отырып, ақша жымқырудың жаңа түрлерін ойлап табуда.

Әлеуметтік желідегі жарнамалармен интернет-алаяқтықтың көп кездесетін түрлері:

–  тұрғын үй субсидиясын алу;

– қайтарымсыз грант алу;

– Egov қызметтерін көрсету;

– жеке кәсіпкерлікті ашу-жабу;

– декретке миллионмен шығу;

– атаулы әлеуметтік көмек алуға көмектесу;

– несие тарихын тазарту;

– шотқа салынған тыйымды босату;

– бонус арқылы қаржыны ұлғайту;

– тауарлық несиені ақшаға айналдыру және т.б. әрекеттер жасауға көмек көрсетілетіні туралы жарнамаларға алдану.

Қоңыру шалу арқылы  өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке бас деректерді және құпия сандарды қолдарына түсірген соң рәсімделген несиені немесе есеп шоттағы қаржыны жымқыру.

Интернет-алаяқтықтан сақтану үшін:

Браузердегі сайттарға жеке деректерді енгізбеу керек. Өйткені, интернет-алаяқтар жалған фишингтік сайт ашып, онда өзі туралы ақпарат қалдырған адамдарды құрығына түсіруі мүмкін;

Белгісіз нөмірден келген сілтемелерді мүлде ашуға болмайды, өйткені сілтемеге кірген сәттен бастап парақшаңыз алаяқтың иелігіне өтеді.

Құрметті Арыс қаласының тұрғындары!

Оңай жолмен қаржы табамен деп, алаяқтықтың құрбаны болудан сақ болуларыңды сұранамыз.

 

Арыс ауданының прокуратурасы

Арыс ауданы прокуратурасының аға прокуроры С.М.Арынбеков

Advertisements