Түркістан қаласында “парақtimes” кітап жәрмеңкесі өтті

440

Түркістан қаласында “парақtimes” кітап жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды,  gov.kz 

Түркістан қаласының “Қала күні” мерекесіне орай бірқатар игі шаралар ұйымдастырылды.
Бүгін шаһарда екі күнге созылған “ПарақTimes” жәрмеңкесі қорытындыланды.
Шара Түркістан қаласы әкімдігі және ” Серпіліс” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.
Жәрмеңкеде Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларының баспа үйлері, кітап дүкендері, кітапханалары оқырмандарға өнімдерін ұсынды. Сонымен қатар, жәрмеңке барысында ақын-жазушылармен, жас қаламгерлермен ашық диалог өтті. Және Айхан Пала және Ләззат Динашеваның “Түркі мемлекеттерінің тарихы” кітабы мен Сейдалы Дүйсебаевтың “Таңғажайып Түркістан” жолжазба кітабының тұсауы кесілді.
Жәрмеңке қорытындысында «Қазақ энциклопедиясы», «Қызмет», «Отбасы хрестоматиясы», «Шашу», «KHAN COMICS», «Қазбілім», «Шың» «Shygylakitap» баспа үйлері, «КітапALL», «Qazyna» кітап дүкендері мен Ы.Алтынсарин атындағы Түркістан облыстық балалар кітапханасы және Фараб кітапханасы арнайы Алғыс хатпен марапатталды.
Екі күнге созылған кітап мерекесіне облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, қала басшысы Нұрбол Тұрашбеков, қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері қатысып, баспагерлердің туындыларымен танысты.
Advertisements