Бас-кондитер “Өскемен Аруы – 2021” атағын иеленді

493

22 жастағы Алина Егорова “Өскемен Аруы – 2021” атағын иеленді, – деп хабарлайды massaget.kz

Ол экономика және қаржы колледжін бітірген. Бас-кондитер болып жұмыс істейді, 5 жылдан бері тапсырыспен торт пісіреді. Сонымен қатар, әлемдегі ірі компанияларды жарнамалау бойынша өзгелерге үйретіп, өзі де сол салада жұмыс істейді.

Ол табысты мансап құрып, бизнесін дамытқысы келеді. “Мен үшін ең бастысы — өзіңді барынша жайлы сезіну және айналысып жатқан нәрсеңнен рахат алу, бұл сенің бақытты болуыңа себепші болады және бастаған ісіңе бір секунд та өкінбейсің. Ерте ме, кеш пе міндетті түрде орындалатын мақсаттар ғана бар”, – деді ол.

Алина отбасының қоғамдық тамақтану саласында кәсіпкерлікпен айналысатынын айтты. “Анам да, әкем де – қоғамдық тамақтану саласында кәсіпкер. Әжем – 40 жылдан астам тәжірибесі бар аспаз, атам өмір бойы ет комбинатында жұмыс істеді. Бәріміз өте “дәмді”, бір-біріне жақын мамандықтарды таңдадық, отбасы деген осындай болады”, – деді ол. Алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн түрде өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы 10 финалистің сауалнамасын қарап, фотосуреттері мен визиткаларын көрді, ZOOM-конференцияда қыздармен сұхбат өткізді. Алғаш рет көрермендер қазылар алқасының отырысын және қатысушылардың сұхбатын көруге мүмкіндік алды. Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, “Қазақстан Аруы – 2013” иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар. Бұған дейін Әйгерім Сухинова “Атырау Аруы” атанса, “Түркістан Аруы” 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова, “Ақтөбе Аруы” – Назерке Карманова, “Павлодар Аруы” – Айдана Жұмабекова, “Орал Аруы” – Екатерина Кужекешова, “Алматы Аруы” – Азиза Тоқашева, “Қарағанды Аруы” – Анна Глубоковская, “Астана Аруы” – Айдана Ахантаева, “Тараз Аруы” – Индира Маханова болған еді.

Advertisements