КЕНЕ ШАҒУДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ҚАТЫСТЫ БРИФИНГ ӨТТІ
Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында БАҚ өкілдерінің қатысуымен қаламыздағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты брифинг өтті.
Брифингке Арыс аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Айдынбек Нарқабылов пен Арыс қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Нұрбақыт Рабат қатысып, кене шағу мен Конго қырым-қанды безгегінің алдын алу бойынша баяндама жасады.
Айта кетейік, брифингке жергілікті «Арыс толқындары» телеарнасы және «Арыс ақиқаты», «Шалқар шыңдары» газеттерінің журналистері қатысты.