Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекованың құрылысшылар күнімен құттықтауы

231
Құрметті құрылысшылар!
Қадірлі сала ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрылыс – адамзат баласымен бірге келе жатқан жасампаз кәсіп. Бүгінде қаламызда құрылыс саласы қарқынды дамып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының артуына айрықша ықпал етіп келеді. Бүгінгідей әсем де көрікті, түрлі заманауи нысандардың бой түзеуі – құрылысшылар легінің ерен еңбегінің нәтижесі.
Арыстық құрылысшылар да қаламыздың экономикасының сан-салалы дамуына өздерінің лайықты үлесін қосып келеді. Бүгінгі таңда шаһармызда ірі жобалар іске асырылуда. Соның бірі – Арыс қаласын көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін газ құбырын тарту жұмыстары.
Мұнымен қоса, биылғы Балалар жылына тарту ретінде Арыс қаласында М.Әуезов мектебінің жанынан 200 орындық қосымша оқу ғимаратының құрылысы басталса, дәл осындай қосымша оқу ғимараты И.Журба мектебі жанынан жақын күндері басталады. Сонымен бірге Жиделі және Ақдала ауылында 120 және 240 орындық клуб-кітапхана кешенінің іргетасы қалануда.
Құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатқан мұндай нысандар қала келбетін жақсартумен қатар, жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтуға өз септігін тигізуде.
Осы ретте, Арысымыздың айбынын арттырып, келбетін келістіріп, өңіріміздің өсіп-өркендеуіне жаңаша серпін беретін жергілікті құрыш қолды құрылысшылардың ел дамуына қосар үлесі зор деп санаймын.
Құрметті құрылысшылар қауымы!
Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, бақыт тілеймін! Туған жерімізді көркейтіп-көріктендірудегі игі істеріміз әрдайым жемісті, нәтижелі болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Арыс қаласының әкімі Гүлжан ҚҰРМАНБЕКОВА
Возможно, это изображение на открытом воздухе
Advertisements