АРЫС: “ТЕМІРЖОЛ-СУ” МЕКЕМЕСІ ТҰТЫНУШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
2022 жылдың 25-26 тамыз күндері аралығында “Теміржолсу – Арыс” ЖШС мекемесіндегі сүзгілі су сорғы станциясында орналасқан 2 ауызсу резервуарына (сыйымдылығы – 1 500 және 1 000 куб) жоспарға сәйкес жуу жұмыстары жүргізілуіне байланысты серіктестік тұтынушыларға ауызсу беруді уақытша тоқтататынын хабарлайды!
Жоспарлы жуу жұмыстары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығына (шаруашылық және ауызсу мақсаты үшін суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарында және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына) сәйкес жүзеге асырылады.