ҚАЛА ӘКІМІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

206
Арыс қаласындағы №1 сайлау учаскесінде 2 587 сайлаушы бар болса, олардың қатарында қала әкімі Гүлжан Құрманбекова да бар.
Өз таңдауын жасау үшін Гүлжан Мамытқызы жолдасы Қайрат Әлмаханұлымен бірге С.Қожанов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте орналасқан №1 сайлау учаскесіне келді.
«Әр адамның дауысы маңызды және елдің қай бағытта жүретіні соған байланысты. Мен барлық арыстықтарды сайлау құқығын пайдалануға, қоғамдық және саяси процестерден қалыс қалмауға шақырамын. Дауыс беру учаскелері сайлау комиссиялары мен тәуелсіз бақылаушыларға қажетті заттармен талапқа сай жабдықталған. Ол жерлерде дауыс беру құпиясы мен таңдау еркіндігі қатаң сақталады», – деді Гүлжан Мамытқызы.
Айта кетейік, Арыс қаласында 34 сайлау учаскелерінде 44 349 азамат өз таңдауын жасай алады. Қазіргі таңда барлық сайлау учаскелерінің есігі келушілерге ашық.
Advertisements