«Жер аманаты»: Комиссия жұмысы жалғасып жатыр

342

«Жер аманаты»: Комиссия жұмысы жалғасып жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару, оны халық игілігіне беру жөнінде бастама көтерген болатын. Былтыр «AMANAT» партиясы жанынан «Жер аманаты» комиссиясы құрылып, бұл бағытта жүйелі жұмыс басталды.

❔Осы уақыт аралығында Ақмола облысында аталған комиссияның араласуымен 302 мың гектар жер мемлекет меншігіне өтті. Халыққа қайтарылған жердің игілігін көруге талпынған азаматтың бірі – Зеренді ауданына қарасты Қарсақ ауылының тұрғыны Еркін Байкенов. Ол енді жеке шаруашылық құрып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуды көздеп отыр.

🔹«Мемлекет басшысының бұл бастамасы қарапайым халыққа зор пайдасын тигізді. Жер – халықтың аманаты. Жерден айрылып қала жаздаған тұста «AMANAT» партиясының жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының араласуымен мәселеміз оңынан шешілді», – деді ол.

Партияның Ақмола облыстық филиалына осы жер мәселесі бойынша өтініштер әлі де келіп түсуде. Бүгінге дейін партияға 23 өтініш түсіп, оның 22-сіне жауап берілді. Яғни, 19 өтініш бойынша еліміздің тұрғын-үй заңнамасы аясында түсіндірме беріліп, 3 өтініш бойынша мәселе оң шешімін тапты. Ал 1 өтініш құқық қорғау органында қаралуда.

‼️Айта кетейік, елімізде бас-аяғы 5,2 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған болса, оның 3 млн гектардан астамы аталған комиссиясының араласуымен жүзеге асты. Жуырда комиссиясының бастамасымен jerkarta.gharysh.kz геосервисі іске қосылды. Аталған сервис мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелеріне мониторинг жүргізуге, оның қайда орналасқанын, контурын анықтауға, сондай-ақ ауданы мен меншік иесі немесе жер пайдаланушысы туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді.

📞Барлық заң бұзу фактілері туралы 8 800 080 44 41 телефонына хабарлауға болады. Өтінімдер WhatsApp арқылы да +7 700 800 44 41 нөмір бойынша қабылданады.

«Жер аманаты» комиссиясының жұмысы алдағы уақытта да жалғасады.

 

Advertisements