ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ

172
Қазақстан Республикасының Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің хабарлауынша 2023 жылдың 9-11 қаңтары аралығында Түркістан облысының таулы және тау бөктері аудандарында -23C дейін қатты аяз, қалың тұман, 15-20 m/s дейін желдің уытқу қатері, қалың қар, көк тайғақ күтіледі.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты, сақтық шараларын ұстанып, жол қозғалысы ережелерін сақтап, жылдамдықты асырмауға шақырамыз.
Бұған қоса, малды өріске шығармау қажеттігін, ағаштар, электр бағаналары маңынан алысырақ жүру керектігін ескертеміз. Дауылдан сақтану үшін өзіңіздің қозғалыс бағытыңыздағы жерлерді зерделеп, сынған немесе бүлінген ғимарат жанынан, өзен және су қоймалары аумағынан аулақ жүру қажеттігін ескертеміз.
Возможно, это изображение 1 человек, стоит и дорога
Advertisements