ЖАҚЫНДАРЫҢА ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА
Арыстық еріктілер саршұнақ аязбен жарысып, ақ қар көк мұзда қала көшелерін тазартып жүрген коммуналдық қызметкерлерге ыстық тамақ үлестірді. Жаураған жандарды ыстық шәймен жылытып, жақсылық жасауда.
Коммуналдық сала қызметкерлері қыстық қытымыр мінезі қаһарына мінсе де жұмыстарын тоқтатпайды. Сақылдақ сары аязда сарсаңға түскен коммуналдық шаруашылық қызметкерлеріне шаһар еріктілері тәтті тоқаш пен мен ыстық шәй ұсынды. Басты мақсат – көңілдерін көтеріп, жылулық сыйлау,-дейді қалалық «Жастар Ресурстық Орталығы» КММ-нің қызметкерлері.
«Еріктілерімізге алғыс айтқым келеді. Көшеде қатты аяз бар, олардың істері тәнімізді ғана емес, жанымызды да жылытады. Жастардың бұл ісі мені қатты қуантты, рахмет!» – дейді жұмысшылар.
Игі шараға атсалысқан барша еріктілерге алғыс білдіреміз.