ҚАЛА ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

156
Бүгін қала әкімі Гүлжан Құрманбекова азаматтардың мәселелері мен өтініштері бойынша жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға қала әкімінің орынбасарлары мен тиісті бөлім басшылары қатысты.
Тұрғындар тарапынан жер мәселесі, тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік көмек сынды мәселелер қозғалды.
Қала басшысы әр азаматтың мәселесін жеке тыңдап, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.
Қабылдау барысында елімізде биогумус өндірумен айналысатын «Верми» компаниясының өкілдері Арыс қаласында «вермифермерлер» кооперативтерін дамыту бойынша ұсыныстарын айтты.
Қала басшысы биогумустың топырақ құнарлылығын, құрылымын және физикалық қасиеттерін арттыратын таза экологиялық тыңайтқыш екендігін айтып, заң аясында жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Возможно, это изображение 2 человека и в помещении
Advertisements