СӘУЛЕТТІК КЕЛБЕТТІ ЖАҚСАРТУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСШЫ ТОПТЫҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

185
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың бастамасымен Арыс қаласын абаттандыру, көгалдандыру, жалпы қаланың сәулеттік келбетін келістіру жұмыстары жан-жақты жүргізілуде.
Бүгін, қала басшысы Гүлжан Мамытқызының төрағалығымен әкімдік жанындағы сәулеттік келбетті жақсарту жөніндегі жұмысшы топтың мәжілісі өтті. Жиында Арысты ажарландыра түсетін 18 нысанның жобасы қаралды.
«Бүгінде қала жаңа леппен, жаңа қарқынмен дамуда. Қаланың сәулеті, әсемдігі мен көркі архитекторларға тікелей байланысты. Кез-келген құрылыс нысанын салғанда кеңес мүшелері бір кісідей атсалысуы қажет. Сәулеттік-көркемдік шешімдерді нақтылау барысында қателіктер жібермей, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру маңызды», – деді Гүлжан Мамытқызы.
Одан кейін қаламыздың бас сәулетшісі Нұрғиса Жанбатыр баяндама жасап, жобаларды кеңінен таныстырды. Қаланың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында 2022 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталған ол, биыл жоспарланған құрылыс нысандарының эскиздік жобаларын ұсынды.
Талқылау барысында барлық жобалар жұмысшы топ мүшелерімен егжей-тегжейлі талқыға салынып, ұсыныс-пікірлер айтылды.
Возможно, это изображение 2 человека, люди сидят, люди стоят и офис
Advertisements