ҚАЛА ӘКІМІ ӨРТ САЛДАРЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ОТБАСЫЛАРҒА БАРДЫ

206

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова Қалау датқа тұрғын ауданында тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғындардың отбасына арнайы барып, жағдайымен танысты.

Қалау датқа көшесі №5 жапсарлас салынған үйлерде 3 отбасы тұрады. Өрттің салдарынан 2 тұрғынның үйі өртенген. Өрт сөндіру қызметінің мамандары жапсарлас салынған үшінші үйді тілсіз жаудан сақтап қалған.

Өз кезегінде қала басшысы қиындыққа тап болған отбасыға әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін және жергілікті кәсіпкерлерден көмек болатынын жеткізді.

Айта кетейік, 21 қаңтар күні сағат түнгі 4:14 шамасында Қалау датқа көшесіндегі жапсарлас салынған 3 тұрғын үйден өрт шыққан болатын.

Оқиға орнына Арыс қаласындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 10 адам, сондай-ақ Арыс аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінен 3 қызметкер екі өрт сөндіру техникасының көмегімен тілсіз жауды ауыздықтаған. Адам және мал шығыны жоқ.

 

Возможно, это изображение 6 человек, люди стоят и на открытом воздухе

Advertisements