ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ БАСТЫ НАЗАРДА

171
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына сәйкес, Арыс қаласы бойынша қыс мезгілінде тұрғын үйлерді жылыту барысында қауіпсіздік шараларының сақталуын қарау бойынша жұмысшы топ кезекті түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Жергілікті Төтенше жағдайлар бөлімі мен Арыс қаласы әкімдігінің мамандары және қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері бірлесе отырып жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынама парақтарын таратты.
Мамандар тұрғындарға қыс ауасында жылыту пештері мен түтін мұржалары және жүйелерінің тазарту жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтады.
Жұмысшы топ өкілдері өрт туындау қауіпін болдырмау үшін төменде көрсетілген өрт қауіпсіздігі ережелерін мұқият сақтау қажеттігін ескертеді:
-Жылыту маусымына дайындық алдында пешті жөндеңіз,мұржаны күйеден кемінде айыны бір рет кем емес тазалаңыз.
-Үйден шығарда кемінде 2 сағат бұрын от жағуды тоқтатыңыз.
-Пешті тез тұтанатын сұйықтықтармен жағуға жол бермеңіз.
-Дайындалып жатқан асты пеште қараусыз қалдырмаңыз.
-Қатты отындағы пештің от жағатын есігінің астындағы жаңғыш материалдардан жасалған аймақты жиі қадағалап тұрыңыз!
Возможно, это изображение 3 человека, ребенок, люди стоят и люди сидят
Advertisements