ХАБАРЛАНДЫРУ

278

Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалды бекіткен жұмысшы топ Арыс қаласы кәсіпкерлерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай қолдау бағдарламаларына баулу және сүйемелдеу жұмыстарымен түсіндіру бойынша тұрғындармен кездесу өткізеді.

Жұмысшы топ құрамында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Түркістан» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, «Ырыс» микроқаржы ұйымы» ЖШС, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы, «Аграрлық несие корпорациясы» Түркістан облысы бойынша филиалы, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталық» ЖШС, «Firs Hearland Jysan Bank» АҚ Түркістан филиалының өкілдері тұрғындарға кеңес беретін болады.

Кездесу 2023 жылдың 14 ақпанында Арыс қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді. Басталуы сағат 15:30.

Возможно, это изображение сидит

Advertisements