ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАУДА ЕҢБЕК ЕТІП ЖҮРГЕН ЖАНДАРДЫ БАҒАЛАЙЫҚ!

230

Жыл басынан бері «Жасыл Арыс» КММ қызметкерлері ең ірі тасқын суды өткізетін «Қабылсай» арнасын күл-қоқыстан, ағаш-бұталардан тазартып келеді. Соның арқасында ақпан айының басында болған тасқын су арна бойымен ағып, Арыс өзеніне құйылып, үлкен апаттың алды алынды.

Жасыларыстықтар жел мен суық күннің аязына қарамастан алдымен қоқысты қапқа салып, арнайы орынға жинайды. Үйілген қоқысты «ҚызметСервисАрыс» ЖШС арнайы техникамен полигонға төгуде.

Өкінішке қарай, кейбір тұрғындар кеше тазаланған арнаға қайта қоқыс төгіп, тазалықшылардың еңбегін еш етеді.

Бұл адамның еңбегін көріп тұрып бағаламау, туған жердің қадірін білмеу деген сөз.

Құрметті арыстықтар!

«Өз-өзіңді сыйла, жат бойынан түңілсін!» демей ме үлкендер. Өзімізді өзіміз құрметтеп, қолдан келетін іске жалқаулық танытпай, тазалықты өзімізден

бастайық!

«Әркімнің туған жері-жұмақ мекені, Мысыр шаһары» деген қанатты сөз бар. Олай болса жұмақ мекенімізді таза ұстау, оның әрбір мүлкін қадірлеу біздің міндетіміз екенін әрқашан естен шығармауымыз керек.

Тым болмаса жаздың ыстығында, қыстың қақаған аязында, көктемнің екпінді желінде еңкейіп, қоқыс тазалап жүрген апаларымыз бен ағаларымыздың еңбегін бағалайық!!!

 

Возможно, это изображение 3 человека и на открытом воздухе

Advertisements