ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕЛЕР БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

240

Бүгін қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен қаржылай қолдау ұйымдары өкілдерінен құралған жұмысшы топтың қатысуымен жиын өтті.

Жиынды қала әкімінің орынбасары Ерғали Омарұлы ашып, жүргізіп отырды.

Арнайы келген жұмысшы топ өкілдері қала мен ауыл кәсіпкерлерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай қолдау, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы мен мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген несиелер, қайтарымсыз гранттар бойынша қажетті ақпараттармен бөлісіп, ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін мемлекеттік жеңілдетілген несиелердің алу жолдарын түсіндірді.

Атап айтқанда, шаруаларға жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген несиені қалай алуға болатыны, коорперативті не үшін құру қажеттігі, техниканы лизингке алу тетіктері айтылды.

Бүгінгі таңда, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасына Арыс биылғы жылы Арыс қаласы бойынша Дермене және Ақдала ауыл округтері кіріп отыр. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде бұл жоба қатысушыларына 2,5 пайызбен несие беру көзделуде. Егер мал шаруашылығын қолға алғыңыз келсе – 7 жылға, ал басқа кәсіпті нәсібіңізге айналдырар болсаңыз – 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Тек бір шарты бар. Үйіңізді кепілге қоясыз.

Мұнан бөлек 21 мен 35 жас аралығындағы жастарға жеке кәсіптерін қолдау мақсатында 2,5 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін шағын несие барлық саладағы кәсіп түріне 5 жылға, ал мал шаруашылығына қатысты жобалар үшін 7 жылға дейін берілмек. Өзінің жеке кәсібін одан әрі дамытқысы келетін жастар бұл шағын несие түріне өтінім беруіне болады. Ескерте кететіні кәсібіңізге, яғни жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніңізге 5 жыл уақыттан аспауы, сондай-ақ кепілге қоятын мүліктің болуы қажет.

Жиынды қорытындылаған қала әкімінің орынбасары Ерғали Омарұлы жиналыстың күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігін ескере отырып, туындаған мәселелерді бірлесе шешіп, ниет білдіруші жергілікті тұрғындарға қолдау көрсетілетінін айтты.

Жиын соңында қаржылай қолдау ұйымдарынан келген жауаптылар, тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, сұрақтарына жауап берді.

Возможно, это изображение 3 человека и люди стоят

Advertisements