КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

285
Бүгін қала әкімі Гүлжан Құрманбекова тұрғындарды кезекті рет жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Оның ішінде тұрғын үй көмегіне құжат рәсімдеу, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие алу, балабақша салу, әлеуметтік көмек, тұрғын үй сынды мәселелер бар.
Қабылдауда, бөлмеаралық есіктер жасайтын цех ашқан жеке кәсіпкер жеңілдетілген несие алу арқылы кәсібін ұлғайтқысы келетінін айтты. Қалалық кәсіпкерлік бөліміне тиісті тапсырма жүктеген қала басшысы, азаматтардың еңбекақысының бір бөлігін қаржыландыруды жұмыспен қамту орталығы арқылы субсидиялар беру жолымен жүзеге асыруға болатынын айтты.
Ал, қала азаматы Нұрғали Сатыбалдиев ауған-тәжік соғысына қатысқан ардагерлерге берілетін бір реттік әлеуметтік көмекті ұлғайтылғаны үшін ардагерлер атынан алғыстарын жеткізді.
Қабылдау барысында қала басшысы әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар мәселені шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, әр мәселені жеке бақылауға алатындығын атап өтті.
Возможно, это изображение 4 человека, люди сидят и в помещении
Advertisements