КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУДЫҢ ЖОБАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

293
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың арнайы тапсырмасымен құрылған жұмысшы топ Монтайтас, Байырқұм, Жиделі, Қожатоғай ауылдары мен осы аумаққа кіретін елді мекен тұрғындарымен кездесулер өткізді.
Жиында шағын және орта кәсіп ашуға ниетті азаматтар мен кәсіпкерлерді қолдауға арналған жобалар түсіндірілді.
Жұмысшы топ құрамындағы – қалалық Сәулет және қала құрылысы, Ауыл шаруашылығы, Кәсіпкерлік, Жер қатынастары бөлімінің басшылары мен мамандарынан құралған жұмысшы топ өкілдері жиынға қатысушыларға кәсіпкерлерді қолдау шаралары бойынша ақпарат жеткізді.
Оның ішінде, ауылшаруашылығына қажетті техникаларды сатып алу, лизингке рәсімдеу жолдары және ауылшаруашылығы техникаларын сатып алу кезінде мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар туралы мамандар тарапынан мағлұматтар берілді.
Одан бөлек, «Ырыс» микроқаржы ұйымы ұйымы арқылы мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, жеңілдетілген төмен пайызды несие алудың тетіктерімен таныстырды.
Сондай-ақ, үй іргелік және кәсіпкерлік нысан жерін заңдастыру, несие алуға керекті құжаттарды рәсімдеу бойынша басшылары мен сала мамандары тарапынан әр азаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құжаттарды рәсімдеуде нақты көмектер мен кеңестер берілді.
Жобамен танысқан жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындар арасында несие алу жолдары мен талаптары бойынша ұсыныс-пікірлер айтылып, нақты жауаптар алынды.
Возможно, это изображение 13 человек, люди стоят и в помещении
Advertisements