МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

104
Бүгін қалалық мәдениет үйінде 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай кең көлемді іс-шара өтті.
Оған қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл, зиялы қауым мен қала жастары, жергілікті атарушы билік өкілдері қатысты.
Мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталған жиында сөз алған шаһар басшысы Гүлжан Мамытқызы тұрғындарды Мемлекеттік рәміздер мерекесімен құттықтады.
«Баршаңызды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтай отырып, әрдайым ел іші мерекелі де берекелі, елтаңбамыз – еңселі, туымыз – тұғырлы, әнұранымыз – айбынды болсын деймін. Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздеріміздің мәртебесі биік болсын!,» – деді қала әкімі.
Бұдан кейін, мерекелік концерт аясында Арыс қаласының дамуы мен қоғамдық өміріне белсенді атсалысқан азаматтар қала әкімі мен мәслихат хатшысының арнайы Алғыс хатымен марапатталды.
«4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні» мерекелік шарасы жоғары деңгейде өткізіліп, қалалық мәдениет үйінің өнерпаздарының әуелете шырқаған патриоттық әндері көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements