ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТІ ЗАҢСЫЗ ҚАЗҒАН 4 ШЕТЕЛДІК АНЫҚТАЛДЫ

105
Әлеуметтік желіде далалы алқапта өсетін дәрілік өсімдік ретінде танылған кеуректің тамырын қазып жатыр деген ақпаратқа сәйкес, құқық қорғау өкілдері оқиға орнына барды.
Құрамында аудандық полиция бөлімі мен ауыл әкімдігінің мамандары бар топ зерделеу жұмыстары барысында кеурек қазуға кіріскен 4 шетелдік азаматты анықтады.
Осыған сәйкес, шетел азаматтары заң шеңберінде тиісті шара қолдану үшін Арыс аудандық полициясына тапсырылды.
Айта кетейік, Арыс қалалық Жер қатынастары бөлімі ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жайылымдық жерлерді заңсыз қазу немесе бүлдіру заң аясында жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.
Бүгінгі таңда әкімдік тарапынан бұл бағытта түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.
Возможно, это изображение 2 человека
Advertisements