ГҮЛЖАН ҚҰРМАНБЕКОВА: АРЫСТА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖАҢАРТЫЛАДЫ

141
Бүгін қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың Арыс қаласының тұрғындарымен кезекті кездесуі өтті. Бұл шаһар басшының тұрғындармен жыл басынан бері өткізген үшінші кездесуі. Еркін форматта өткен жиынға қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, Түркістан облысының мәслихат депутаты Ержан Қосмамбетовте қатысты.
Алдымен, қала әкімі осы кезге дейін іске асырылған жобалар мен қолға алынатын жоспарларды баяндады.
Биыл, Сырдария (Задарья) елді мекенінде 11 көше, Монтайтас ауылына қарасты Атамекен елді мекенінің барлық 12 көшесіне асфальт салынуда. Бұдан бөлек, қала аумағында орналасқан 33 көшеге немесе 10 шақырымға асфальт салу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда, тұрғындар ұсынысына сәйкес, қала әкімінің ықпалымен қала ішінде 3 бағытта және барлық елді мекендерге 4 бағытта қоғамдық көліктер жүріп жатыр.
«Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында, алдағы жылы жеке инвестор есебінен 14 автобус жаңартылатын болады. Заманауи үлгідегі қоғамдық көліктер жазда салқындатқышымен, қыста жылу пешімен толықтай жабдықталған», – деді Гүлжан Мамытқызы.
Тамыз айында қаладағы Отырар тұрғын ауданы көгілдір газға қосылды. Жыл соңына дейін Сырдария, Хлапком, Наурыз, ШПЗ тұрғын аудандары табиғи газ жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, орталық қазандықтың тозығы жетуіне байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен тиісті қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары басталған. Сонымен бірге, орталық қазандықты газ жүйесіне қосу мақсатында қосымша модульді қазандықтың құрылысы жүргізілуде.
Жиынға қатысқан тұрғындар тарапынан да бірқатар өзекті мәселелер айтылып, оларға нақты жауаптар берілді.
Айта кетейік, қала әкімінің халықпен кездесуінен кейін азаматтардың жеке өтініші бойынша қабылдау шарасы өтті. Онда әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау, кәсіп ашу, құқықтық кеңес беру жайындағы сұрақ, сауалдарға қала әкімі мен тиісті сала мамандары жауап беріп, талапқа сай түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Возможно, это изображение 3 человека, динамик, помост и текст
Advertisements