Судағы қауіпсіздік шаралары!

67

Күннің қатты ысығанынан барлық су айдындарда демалушылардың саны күрт өсетіні бәрімізге белгілі. Судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі – азаматтардың судағы қаупсіздік ережелерін өрескел бұзуы немесе оны білмеулері болып табылады.

Судағы негізгі қауіпсіздік ережелері:

– тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;

– жүзе білмейтін болсаңыз белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;

– шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар;

– жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;

– жүзе білмей, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыздар;

– жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындамаңыздар;

– қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер;

– суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;

– түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар.

Құрметті ата-аналар!

Балаларды қатаң бақылаңыздар, оларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен жерлерде үлкендердің қадағалауымен ғана шомылуға рұқсат етіңіздер. Балаларға үрлемелі матрастармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге қатаң тыйым салынады. Оларды жағадан жел немесе ағын алысқа алып кетуі мүмкін, ал бұл көмек көрсетуге қиындық туғызады.

Шомылу кезінде абай болыңыз:

– Суға шомылғанда тек жабдықталған жағажайларда және басқа арнайы шомылуға бөлінген орындарда шомылыңыздар;

– Жүзе білмей тұрып, беліңізден жоғары келетін суға түспеңіз;

– Қатаң түрде балаларды үлкендердің қарауынсыз су қоймаларының жағалауында қалдырмаңыздар;

– Балаларға үрлемелі матрацтармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге тыиым салынады.

ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕ:

– Ескертпе белгілерден ары жағадан алысқа жүзіп кетпеңіздер.

– түнгі уақытта, алкогольдік ішімдік ішкенен кейін суға шомылмаңыздар;

– қайықтан, катерден, суда жүзетін велосипедтен, жағадағы кеме аялайтын орыннан,көпірден және белгісіз орындарда суға секірмеңіздер.

– суда қауіпті жағдайлар туғызбаңыздар.

Құрметті балалар мен ата-аналар!

Суда абай болыңыздар! Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар, сонда су жағасындағы демалыс қайғылы болмайды.

Естеріңізде болсын! Сізге көмек қажет болса «112» Құтқару қызметінің телефон номеріне хабарласыңыздар.

Advertisements