АРЫСТА ЖАҢА АВТОБУСТАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

60

Арыс қаласында қоғамдық көліктерді жаңарту кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Бүгін сыйымдылығы жоғары 10 дана автобус №5 және №5А бағыттарына қатынауды бастады. Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңартылған қоғамдық көліктер салқындатқыш жүйесімен, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандуспен қамтылған. Одан бөлек, мұнда жұмыс сапасын жақсарту және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қолға алынған. Түркістан ҚПБ-мен бірлесе жұмыс атқарылып, қалта ұрлығының алдын алу, жүргізушінің жол қауіпсіздік ережелерін сақтауын, жүргізушінің қызметін бақылау үшін әр автобусқа 3 бейнекамерадан орнатылған.

Айта кетейік, Түркістан қаласында қазіргі уақытта 22 қоғамдық көлік бағыты бар. Бұл бағыттарға 2 тасымалдаушы мекеме: «Жолаушы» ЖШС және «ТехПрофАвто» ЖШС қызмет көрсетеді. Аталған мекемелер жыл басынан бері сыйымдылығы жоғары жаңа 29 автобус алып, қолданысқа енгізді. Жыл соңына дейін №4, 4А, 3 бағыттарындағы автобустарды кезең-кезеңімен жаңарту жоспарлануда.

Advertisements