ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІНДЕ НЕНІ ЕСКЕРГЕН ЖӨН?

62

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен барып, өрт кезінде көз жұмған орманшылардың отбасы-жақындарымен кездесті.

Кездесу барысында 12 маусым Қазақстанда жалпы ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту кезінде мынадай шаралар қабылданады:

  1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық заңының 4-бабының 4-тармағына сәйкес Мемлекеттік Ту ұлттық аза тұту мерзімі ішінде ту бағанының биіктігінің жартысына түсіріледі. Алдағы аза тұту кезінде тулар 12 маусым күнгі сағат 00:00-ден 13 маусым күнгі сағат 00:00-ге дейін мемлекеттік мекемелер мен әскери бөлімдерде түсіріледі;
  2. Жалпыұлттық аза тұту кезінде мемлекеттік телеарналарда ойын-сауық бағдарламалары мен хабарлар тоқтатылады, ал арналардың бенйнелері ақ-қара түсті болып өзгереді. Эфирден кез-келген жарнамалық баннерлер, ойын-сауық және интерактивті элементтер алынып тасталады. Радиода да барлық музыкалық хабарлар алынып тасталады;
  3. Ел бойынша барлық ойын-сауық шаралары (мысалы, корпоративтер, фестивальдер және т.б.) тоқтатылады. Сонымен қатар, аза тұту кезінде ойын-сауық орындары да қызмет көрсетпейді;
  4. Жалпыұлттық аза тұту кезінде мемлекеттік іс-шаралар үнсіздік сәтпен басталады (Үкімет, Мәжіліс отырыстары және т. б.);
  5. Азаматтар қаза тапқандарды еске алу үшін гүлдер, шамдар және басқа да заттар қойылатын қайғы-қасірет орындарын ұйымдастырады.
Advertisements