ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЕЛ АЗАМАТЫ БЕРДІБЕК САПАРБАЕВПЕН ҚОШТАСУ ШАРАСЫНА АРЫС ҚАЛАСЫНАН ДА ДЕЛЕГАЦИЯ БАРДЫ

105

Қоғам қайраткері, ел азаматы Бердібек Сапарбаевпен қоштасу шарасына Түркістан облысынан делегация барып, марқұмның отбасына көңіл айтты. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды марқұмның туыстарына көңіл айтып, Бердібек Машбекұлының елге сіңірген еңбегіне тоқталып, атпал азаматтың еңбегі мен жарқын бейнесі ел есінде қалатынын жеткізді.

Түркістан жұртшылығы атынан зиялы қауым өкілдері, басшылар, Мәжіліс және мәслихат депутаттары да барды.

Бердібек Машбекұлы өзінің елге жанашыр, турашыл, қазақы болмысымен, жайдары мінезімен, ерекше дархандығымен елдің алғысын арқалай білді. Көрнекті қоғам қайраткері, көшбасшы тұлға, мықты менеджер, жастарға ұстаз бола білген ардақты азаматтың жарқын бейнесі ел есінде мәңгі сақталады.

Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтті. Тұлғамен қоштасуға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Үкімет мүшелері, бірқатар облыс әкімдері, Парламент депутаттары, мәдениет, спорт және басқа да салалардың өкілдері қатысты.

Advertisements