АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАЛА КҮНІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

64

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова 4 тамыз күніне жоспарланған Қала күні және Теміржолшылар мерекесін жоғары дәрежеде атап өту мақсатында дайындық жұмыстарын пысықтап, бірқатар нысандарды аралады.

Атап айтқанда, қайта жаңғыртылған «Теміржолшылар» және «С.Адамбеков» саябағына барып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Теміржолшылар саябағында қала әкімдігі мен демеушілер есебінен балалар алаңшасы мен спорт алаңшалары, сондай-ақ қаламызда тұңғыш рет скэйт-парк алаңдары орнатылуда. Барлығын аралап көрген шаһар басшысы жауапты сала басшыларына жұмыстарды сапалы, әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Бұдан кейін, қала әкімі С.Адамбеков саябағына барды. Мұнда су жаңа, көпфункционалды балалар алаңшасында ойнап жүрген бүлдіршіндердің мәз-мейрам күлкілерін көрген шаһар басшысы енді абаттанған аумақты күтіп-ұстау қажеттігін айтты.

Айта кетейік, 4 тамыз күні арыстықтар қаланың 67 жылдығы мен Теміржолшылар күнін жылдағы дәстүрге сай салтанатпен атап өтеді. Қос мерекеге орай , қала орталығында жаңа нысандардың ашылуы мен мерекелік іс-шаралар көрініс табатын болады.

Advertisements