АРЫС: ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАҢА СПОРТТЫҚ НЫСАНДАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛУДЕ

124

Жыл сайын тамыз айының алғашқы жексенбісінде Арыс халқы Қала күні мен Теміржолшылар мерекесін салтанатпен атап өтеді. Биыл Арыстың қала статусын алғанына 67 жыл толып отыр.

Осыған орай, қала әкімі Гүлжан Құрманбекова Сырдария елді мекеніне барды. Мұнда қаламыздың бір топ зиялы қауым өкілдерімен бірге өткен жылы қайта толығымен жаңғыртылып, пайдалануға берілген С.Адамбеков саябағына болып, сырдариялықтарды мерекемен құттықтады.

Шаһар басшысы бүлдіршіндерді жаңадан берілген балалар спорт алаңшасы мен  «street-workout» спорттық тренажерлерінің ашылуымен құттықтап, мемлекет тарапынан аймақ жастарының спортпен шұғылдануына барынша қолдау көрсетіле беретінін айтты. Мұнда Арыстың теміржолшылар қаласы екенін әйгілейтін іспетті балаларға арналған электрі, арнайы рейсте қозғалатын паравоздар да қойылды.

Қайта жаңғыртылған саябақта мерекелік көңіл-күйде серуендеп жүрген тұрғындар өңірімізде осындай өркенді өзгерістердің болып жатқанына ризашылық білдіріп, жастарды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды.

Айта кетейік, өткен жылы Сырдария елді мекенінде орналасқан С.Адамбеков саябағы толығымен жаңартудан өткізілген болатын.  Сонда тұрғындар саябақ аумағына балалар спорт алаңшасын салу туралы өтініш айтып, биыл міне пайдалануға беріліп отыр. Бұл игілікті іс сол жастардың ұсыныс-пікірлерінің ескерусіз қалмағанын көрсетеді.

Осылайша Арыста қала күні спорт сүйер қауым үшін ерекше жаңалықпен басталды. Әсіресе Сырдария елді мекені балаларының қуанышында шек жоқ. Осы кешеннен болашақта еліміздің көк туын биік желбірететін  талай мықты спортшылар шығары анық.

Advertisements