АРЫСТА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

64

 

Бүгін Арыс қаласында «Мектепке жол» акциясы аясында мектеп тауарлары мен оқу құралдарының жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкенің басты мақсаты – ата-аналардың алысқа бармай-ақ балаға қажетті мектеп құралдарын бір жерден алуын ұйымдастыру, халыққа қажетті заттарды төмен бағамен ұсыну.

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова тұрғындармен бірге сөрелерді аралап, оқу құралдарының сатылымын бақылап көрді.

Жаңа оқу жылының қарсаңында ұйымдастырылған акцияға жергілікті және Шымкент қаласынан 16-дан астам кәсіпкер қатысып, өз тауарларын нарықтағы бағадан төмен бағада ұсынды. Мұнда қаламсап пен дәптерден бастап, мектеп формасы, аяқ киім мен сөмкеге дейін барлық мектеп құралдары төмендетілген бағада сатылды.

Игі шарада қаламыздың қайырымды азаматтары мен кәсіпкерлері аз қамтылған, көпбалалы отбасында тұратын оқушыларға демеушілік жасап, мектеп формасы мен қажетті құрал жабдықтарды тарту етіп, ұрпақ болашағы үшін айрықша белсенділік танытты.

Ал, қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары тұрғындарға арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын ұсынып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 

Advertisements