АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРІЛУДЕ

275

Мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген пайызбен несиелендіру бағдарламалары мен Мемлекет басшысының бастамасымен ауылдағы халықтың табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасын ауыл тұрғындарына кеңінен түсіндіруде.

Осыған сәйкес, қала әкімінің тапсырмасымен құрылған арнайы жұмысшы топ ауыл тұрғындары мен шаруа қожалық иелерімен тұрақты түрде кездесулер өткізуде.

Қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіруге құжаттар қабылданып жатыр. Арыс қаласы бойынша бұл бағдарламаны алғашында пилоттық режимде Ақдала, Дермене ауыл округтерінде іске асыру жоспарланған болса, қала әкімдігінің ықпалымен аталған бағдарлама Қожатоғай, Байырқұм, Жиделі ауылдары қосылған.

Осыған орай, қалалық Сәулет және қала құрылысы, Ауыл шаруашылығы, Кәсіпкерлік, Жер қатынастары бөлімінің басшылары мен мамандарынан құралған топ өкілдері Ақдала, Дермене ауылдық округтары мен аумағындағы елді мекендерді аралап шықты.

Онда «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алатындығы және техниканы лизингке рәсімдеуге болатындығы түсіндірілді.

Бұдан бөлек, үй іргелік және кәсіпкерлік нысан жерін заңдастыру мен жеке кәсіпті дамытуға қатысты қолдау, көмек шаралары туралы дербес бөлім басшылары мен сала мамандары тарапынан әр азаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құжаттарды рәсімдеуде нақты көмектер мен кеңестер берілді.

Advertisements