ҮЕҰ-дың мәселелері тыңдалды

75

Бүгін қалалық Ардагерлер үйінде ҮЕҰ мен жергілікті атқарушы орган арасында кезекті отырысы өтті. Жиында Үкіметтік емес ұйымдар мәселелері тыңдалды.

Қала әкімінің орынбасары Алмаз Советұлының төрағалығымен өткен жиынға қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жомарт Тұрсымбеков, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл, және қаламызда тіркелген үкіметтік емес ұйымдар мен бірлестіктердің төрағалары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде екі мәселе – «ҮЕҰ қоғамда белсендігін арттыру», «Мемлекеттік бағдарламаларды талқылау» мәселесі талқыланды.

Жалпы, жиынға «Ауған соғысы ардагерлерінің «Отан» қоғамдастығы» қоғамдық бірлестігі Ергентай Көшкінбаев, «Арыс қалалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі Муслима Рахымжанова, «АСАР» «Оңтүстік Қазақстан Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Арыс қалалық бірлестігі Ералы Құттыбеков, «Қолғабыс» қоғамдық қоры Сырлыбек Мұсабеков, «Тәжік-Ауған шекарасындағы ұрыс қимылдары ардагерлері» қоғамдық бірлестігі Нұрғали Сатыбалдиев, жеке кәсіпкер, қоғам белсендісі Сәрсенбеков Жақсыбек және БАҚ өкілдері қатысты.

Баяндамашыларға қатысушылар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар айтылды.

Advertisements