Арыс қаласы тұрғындарының назарына!!!

60

«Есірткіден аулақ болуға шақырамыз!»

Нашақорлық, есірткіге әуестену – қоғамда белең алған «Ғасыр індетімен» күресу барша азаматтың міндеті.

Нашақорлық – наркомания (грек тілінен narke – мелшию және mania – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру және бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет.

Есірткі – бұл адамның көңіл – күйін, сана – сезімін, мінез – құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат (химиялық тұрғыдан алғанда улы заттар мен олардың қосындылары болып табылағандықтан адам өміріне аса қауіпті).

Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, есірткісіз өмір сүре алмайтын шарасыз халге жеткізіп, соңында өлім құштырады.

Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр.

Егер Сізге бұл індетті жұқтырған жандар мен есірті заттарын алып-сатарлар туралы деректер белгілі болса дереу құқық қорғау органдарына хабарласып, індетпен бірге күресуге шақырамыз.

Advertisements