ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА КІШІ ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

65
Үкімет қаулысына сәйкес биылдан бастап Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі “Аналар күні” және “Әкелер күні” мерекелерімен толықты. “Аналар күні” мерекесі мамыр айының екінші жексенбісінде, “Әкелер күні” мерекесі маусымның үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Жаңа мерекелер отбасы институтын нығайтып, аналарымыз бен әкелерімізді құрметтеуге септігін тигізері сөзсіз.
Осы орайда, Арыс қаласында «Әкелер күніне» орай ардагерлер арасында кіші футболдан ашық турнир өтті.
Жарысты қалалық Ардагерлер кеңесі жанындағы «Әкелер мектебі» ұйымдастырды. Аталған шараға 1963 жылдан жоғары туылған спортшы ардагерлер қатысты.
Турнирде ардагерлерден құралған 4 команда яғни, «Алаш», «Бәйтерек», «Қыран», «Интер», командалары өзара бақтарын сынады.
Жарыстың нәтижесі бойынша І орынды «Алаш» командасы иеленсе, «Қыран» командасы ІІ орыннан көрінді. Ал «Интер» командасы ІІІ орынды қанағат тұтты. Жеңімпаздар медаль және дипломдармен марапатталды.
«Жас ұрпақты отансүйгіш, дені сау, елінің, жерінің азаматы етіп тәрбиелеу маңызды. Сол үшін барлығымыз бірлесе жұмыс жасап, осындай тағылымды Әкелер күні мерекесі қарсаңында жастарға үлгі болуымыз керек» дейді ардагерлер.
Advertisements