АРЫС: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

77

Қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында қала әкімінің міндетін уақытша атқарушы Алмаз Советұлының төрағалығымен Арыс қаласы әкімдігі жанынандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Мәжіліске Арыс қалалық мәслихат төрағасы міндетін уақытша атқарушы Ерғазы Медетбеков, комиссия мүшелері, аппарат қызметкерлері, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сала басшыларының баяндамасы тыңдалды. Сондай-ақ, Арыс қаласы әкімдігі жанынандағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәжілісі болды.

Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, заң аясында тиісті жауаптар берілді.

Advertisements