ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР!

108

Құрметті полиция қызметкерлері!

23 маусым қос кәсіби мереке қатар аталып өтетін күн.

Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күнімен және Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әрбір мемлекетті алға жетелейтін тіректері және оның саясатын іске асырушылар — сіздер.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік қызметкерлер барынша ашық жұмыс жүргізіп, халыққа шынайы есеп беруі керек. Мемлекеттік қызмет дегеніміз – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес. Бұл – туған халқыңның алдында айрықша жауапкершілік арқалау» деген болатын. Мемлекеттік қызметші – қай кезде де адалдық пен ашықтықтың, шынайылықтың бейнесін көрсетіп, іскерлік қабілетін шыңдап, білімін жетілдіріп отыру қажет.

Ал қоғамда тәртіп болмаған жерде, ел дамымайды. Ел тыныштығын қорғап, қоғамда тәртіп орнату жолында полиция қызметкерлерінің еңбегі ерен. Осындай абыройлы міндетті, зор жауапкершілікті арқалаған әр қызметкердің мемлекет алдындағы, халық алдындағы борышын сезінетіні сөзсіз.

Ұлтқа адал қызмет ететін, ел абыройын асқақтататын білікті маман әрқашан да елдің игілігіне, халық мүддесі үшін қызмет ете біледі.

Сіздер Түркістан облысын, Түркістан қаласын көркейту жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Сол қажырлы еңбектің нәтижесі – бүгінгі көркейген Түркістан қаласының келбеті. Біз Жаңа Әділетті Қазақстанды құруда, Түркістан облысын дамытуда, халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында талмай еңбек етуіміз қажет.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!

Мереке құтты болсын!

Ізгі ниетпен,

Дархан Сатыбалды

Түркістан облысының әкімі

Advertisements