МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

63
Бүгін қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті.
Аталған шараға қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, ауылдық округтердің әкімдері, бөлім басшылары, мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Салтанатты шарада әкім орынбасары мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, қаланың әлеуметтік, экономикалық дамуына үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілерді облыс әкімі Д.Сатыбалды мен қала басшысы Г.Құрманбекованың Алғыс хаттармен марапаттады.
Шара барысында қалалық мәдениет үйі өнер ұжымының концерттік бағдарламасына ұласты.
Advertisements