АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ГҮЛЖАН ҚҰРМАНБЕКОВА БАҚ ӨКІЛДЕРІН МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

63

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары

қызметкерлері және ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктердің жаршысына айналды.

Бұқаралық ақпарат құралдары – еліміздің руханиятын, мәдениетін көтеріп, тыныс-тіршілігін көрсетіп, жағымды жаңалықтармен сүйіншілейтін сенімді серіктесіміз.

Бүгінде ақпарат айдынында еңбек етіп жүрген тілшілер қауымы заман көшінен қалмай, жаңа медианы меңгеріп, елдікті сақтау, азаттықты баянды ету жолында абыройлы қызмет атқарып жүр.

Елімізде баспасөз бен тележурналистика, ақпараттық сайттар заман талабына сай түрленіп, қоғамға қажетті маңызды ақпараттарды уақытылы таратып келеді. Елді игі іске жұмылдырып, берекені арттырып, татулықты нығайтуда билік пен халық арасында алтын көпір болып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі қашанда жоғары.

Осы бағыттағы жұмыстарыңыз еселеніп, табысты да жемісті еңбектеріңіз еленіп, алдағы мақсаттарға жету жолындағы жаңа биіктер мен шыңдардан көріне беріңіздер.

Айтулы мереке қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға бақ-береке, кәсіптеріңізге өрлеу, Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстанды гүлдендіру мақсатындағы игі істеріңізге табыс тілеймін!

Мереке құтты болсын!

Ізгі ниетпен,

Арыс қаласының әкімі

Гүлжан ҚҰРМАНБЕКОВА

Advertisements