Г.ҚҰРМАНБЕКОВА: Тамыры «Жеті жарғыдан» тартылған Ата заңымыздың айбыны асқақтай берсін!

65
Құрметті Арыс қаласының тұрғындары!
Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды Тәуелсіз ел тарихындағы ең басты мерекенің бірі — Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Конституция — бұл Ата заңымыздың қағидасы бір арнаға тоғыстырылып, түпкі мәні тұжырымдалған тарихи құжат.
Бүгінде біздің елімізде бейбітшілік орнап, Тәуелсіздік Туы желбіреп келеді. Азаматтарымыз ұлты мен дініне, жынысы мен жасына бөлінбей, бәріне бірдей құқық берілген.
Олай болса, осындай бірлігімізді сақтай отырып, ұланғайыр байтақ даламызды қорғап, бізге аманат еткен батыр бабаларымыздың асқақ аманатына адал болуымыз керек.
Ал мұндай арманды ақиқатқа айналдыру бақыты біздің ұрпаққа бұйырды. Елімізді әлемнің маңдайалды мемлекетінің қатарына қосып, қарқынды дамытып, Қазақстанды өркендету – біздің қастерлі де қасиетті борышымыз.
Қазіргі кезде қаламызда бірқатар игі шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, Арыс пен ауылдық округтердің көшелері ретке келтіріліп, инвестиция көптеп тартылуда. Әлеуметтік және спорттық нысандар мен жаңа демалыс орындары бой көтеріп, Арысымыз ажарланып келеді. Ең бастысы, халқымыз көптен күткен көгілдір газға кезең-кезеңмен қосылып жатыр.
Осы ретте, Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді кезең-кезеңімен іске асырғанымыз жөн. Бұл біздің қаламыздың дамуын қамтамасыз етеді. Ал мұндай дамудың артында әрбір арыстық азаматтың еселі еңбегі мен ақ адал маңдай тері жатыр.
Қадірлі жерлестер!
Баршаңызға бейбітшілік пен береке, амандық пен саулық тілеймін!
Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болғай.
Еліміз үшін ең қастерлі де, ұлық мереке Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын.
Тамыры «Жеті жарғыдан» тартылған Ата заңымыздың айбыны асқақтай берсін!
Ізгі ниетпен,
Арыс қаласының әкімі Гүлжан ҚҰРМАНБЕКОВА
Advertisements