КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

63
Бүгін қала әкімі Гүлжан Құрманбекова тұрғындарды кезекті рет жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді.
Оның ішінде жер мәселесі, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие алу, әлеуметтік көмек, коммуналдық сұрақтар, тұрғын үй құрылысы сынды мәселелер бар.
Қабылдау барысында қала басшысы әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар мәселені шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, әр мәселені жеке бақылауға алатындығын атап өтті.
Advertisements