АРЫСТЫҚ ҚАРТТАР САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙДЫ

149

Түркістан қаласында Ұлы Отан соғысының 78 жылдығына және 1 қазан –Халықаралық қарттар күніне орай шахматтан және бильярдтан тыл еңбеккерлері мен ардагерлер арасында облыстық жарыс ұйымдастырылды. Спорттың екі түрін қамтыған жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Рүстемқызы қазыналы қарттарды мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ардагерлер арасында достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау мен жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту, зияткерлік ойын түрлерін халық арасында кеңінен дамыту мақсатында өткен жарысқа әр спорт түріне аудан, қаладан 2 адамнан, яғни 4 ардагер қатысып, өзара үздіктерді анықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша шахматтан Түркістан қаласының командасы І орынды алса, Төлеби ауданының ардагерлері ІІ орынды иемденді. Ал Кентау қаласының құрамасы ІІІ орыннан көрінді. Жекелей сында Түркістан қаласының өкілі Қуанышбек Жұмадуллаевқа тең келер қарсылас болмады. Ал төлебилік Әбілқасым Ерімбетов ІІ орынды еншілесе, тағы бір төлебилік қария Сүйінбек Тәжібаев ІІІ орынды қанағат етті.

Бильярдтан жекелей сында бас жүлде Түлкібас ауданының зиялысы Омар Тұрсынбековқа бұйырса, ІІ орынға кентаулық Өмірзақ Акмалаев жайғасты. Қола жүлде Бәйдібек ауданының өкілі Абдимахсут Рахманкуловтың уысына түсті. Сондай-ақ үздік командалар бойынша І орын Түлкібас құрамасы, ІІ орын Кентау, ІІІ орын Бәйдібек ауданының командасына тиесілі болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен медальдар табысталды марапатталды.

Advertisements