АРЫСТА ЕТ ӨНІМДЕРІН АРЗАН БАҒАДА САТАТЫН ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН АШЫЛДЫ

281

Орталық базар аумағында кәсіпкер, қалалық мәслихат депутаты Сейілхан Кенжебековтің бастамасымен ет өнімдерін арзан бағада саудалайтын әлеуметтік дүкен ашылды.

Мұнда ет өнімдері халыққа қолжетімді бағада ұсынылуда. Яғни, сиыр мен қой еті, және олардан жасалынатын тартылған ет (фарш) өнімі бірыңғай – 2150 теңгеден саудаланып, нарық бағасынан 15-16%-ға төмен бағамен халыққа ұсынылуда.

Кәсіпкердің сөзінше, әлеуметтік дүкеннің ашылуына қала әкімдігі ұйытқы болып, жер бөліп берген.

«Қала әкімдігінің ықпалымен ашып отырмыз. Дүкен сөрелеріне қойылған сиыр мен қой еті өзіміздің таза өнім. Себебі, малдың бәрін өзіміз бордақылаймыз. Осы дүкен алдағы уақытта қала тұрғындарын сапалы әрі белгіленген бағада ет өнімдерін сатып алуына өз септігін тигізеді деп сенеміз», дейді дүкен иесі.

Әлеуметтік дүкен Қазыбек би көшесінде, (Орталық базардың артыңғы беті), «Баубақыт» «Құралай» маркеттері жанында орналасқан.

Advertisements