БОКСТАН АРЫСТЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

43

Сәуір айының 24-30 күндері аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында бокстан 2009-2010 жылғы туған жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтті.

Спорттық додада Түркістан облысының былғары қолғап шеберлері 5 алтын, 2 күміс, 2 қола иеленіп, командалық есеппен 1-ші орынды жеңіп алды. Оның ішінде Жұмағали Нұрмахан (37 кг), Диас Сайдикарим (40 кг), Саян Асқарбек (58 кг), Абылай Талғат (61 кг) және Қуаныш Урумбасаров (67 кг) чемпион атанды. Ал Жәдігер Мүсірәлі (+70 кг) мен Нұрасыл Оразымбет (52 кг) күміспен күптелсе, Арман Мырсабит (35 кг) пен Ақпан Молдаш (64 кг) қола медальға ие болды.

Тартысты өткен жарыста командалық есепте 2-ші орынды Шығыс Қазақстан облысының құрамасы, 3-ші орынды Жамбыл облысының құрамасы иеленді.

Айта кетсек, ел чемпионатының жеңімпаздары биыл бокстан БАӘ-нің Дубай қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.

Advertisements