ТАЗА ӨЛКЕ ЭКОАКЦИЯСЫ: ҚАРИЯЛАР АЛҒЫСЫН АРҚАЛАҒАН АРЫСТЫҚ ЕРІКТІЛЕР

86

Арыс қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің еріктілері мен №17 колледж волонтерлері еңбек ардагерлерінің мекен жайларына барып, әлеуметтік көмек көрсетуде.

 

Қазақ елінің өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбіт өмір кешуіне өз үлестерін қосқан ардақты да аяулы қарттарымыздың өмір жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.

 

Осы ретте «Таза өлке» акциясы аясында арыстық волонтерлер қарттарға құрмет көрсетіп, алғыстарын алып жүр.

 

Колледж студенттерінен құралған волонтерлер ұаламыздың құрметті азаматы, ақын бүгінде сексенді алқымдаған Сабырхан Әлібекұлы мен  Зәуре Оразбайқызының үйіне барып, аула жұмыстарына жәрдем етті. Ақсақалдың хал-жағдайын сұрап, ақ батасын алған Арыс жастары Сабырхан ақсақалдың үй ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, қораны шөптен тазартып, күл-қоқыстарын шығарып қолғабыс етті.

 

Дәл осындай игі істен қаламызға қарасты алты ауылдық округ жастары да тыс қалмай, ауылдағы тыл ардагерлерінің шаңырағында болып, үй шаруашылық жұмыстарына қолғабыс етті.

 

Дария көңілді қариялар үйіне көмекке келген жастарға ақ батасын беріп, алғыстарын жаудырды.

 

«Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің» дегенді нық ұстанған жастар «мақсатымыз – азаматтарды сауапты істерге тарта отырып, ізгілікті насихаттау» дейді.

Advertisements